Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

e-qazyna.kz сайты мәліметінше, оның бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге болған. Аукционға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна төлеу қажет болған.

Сауда қорытындысы бойынша, сатып алушы ұшақ сынығын 1 416 200 теңгеге алған. АН-26 ұшағының сынығын сатып алған адамның аты-жөні белгісіз.

Аукционға сатушы ретінде "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқан. Ал нысанның баланс иесі - "ҰҚК Авиациялық қызметінің" Авиация басқармасы.

Сатып алушы барлық шығынды өзі көтеруге тиіс, оның ішінде тиеу, өлшеу, сұрыптау, кесу және металл сынықтарын шығару шығындары бар. 

Ұшақ сынығы Алматы облысы Боралдай ауылында тұр. Құжаттарға сәйкес сатылған ұшақ 1978 жылы шығарылған, оның салмағы – 14,6 тонна.

Еске салайық, 2021 жылғы 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК Авиациялық қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бортта алты адам болған. Апат салдарынан төрт әскери қызметкер, яғни Досжан Баймұратов, Евгений Васильков, Мұхтар Сағынбаев және Ғабит Барлықбаев қаза тапты.

Фото: e-qazyna.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды