Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Алматы облысындағы Рахат ауылында мал жайылымдарының орнында құрылыс жұмыстары басталған. Салдарынан ауыл тұрғындары мал бағу үшін жер жеткіліксіз деп наразылық танытып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Almaty телеарнасының ақпараты бойынша, тұрғындар көп жыл бойы Рахат ауылында мал бағып, егінмен айналысып келген. Алайда қазір алқаптардың басым бөлігі жекенің меншігіне өтіп, жайылымдардың орнында құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс аумағының ауданы 5 гектар. Әзірге жайылымда үй мен жол салынған. Ал алдағы уақытта бұл аумақта шаруа қожалығын салу жоспарланып отыр.

Рахат ауылында үш мың отбасы тұрады. Елдің малы жайылатын жерді сатып алып, жердің талқанын шығарып, күреп жатыр. Мал суғарып жүрген жолды қоршайтын болды, – деді Рахат ауылының тұрғыны Ақбұрхан Шыңғысов.

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады. Оның сөзіне сүйенсек, шаруа қожалықтары паймен беріліп, барлық құжат заңды түрде рәсімделген.

Ауылдың жартысынан көбі мал бағады. Бір машина топырақ, тас алсақ айыппұл төлейміз. Баяғыда осы жерден шөп шауып, таситынбыз, – деді Рахат ауылының тұрғыны Берік Рахметов.

Кәсіпкерге тау қыраттарындағы топырақты қазуға болмайтыны ескертілген. Бірақ талап ескерусіз қалған. Даулы жер телімі бойынша ауданнан арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі.

Бірінші дау басталған жекеменшік жерді ауыл тұрғыны сатып жіберген. Жайылым мемлекет меншігінде емес. Ал топырақты қазуға қатысты құзырлы орган өкілдері түсіндірген болатын. Таудың жолын түзеп, асфальт салуға болмайды, – деді Рахат ауылдық округінің әкімі Қайсар Бөгісбаев.

Кәсіпкердің айтуынша, шаруа қожалығына бару үшін жол керек, сондықтан ол қазу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр. Сондай-ақ ол бұл әрекетінің заңды екеніне сендіреді. Дегенмен тұрғындар сотқа жүгінбек.

Жеке адамнан заңды сатып алдым. Жекеменшік жерімді қоршап, жылқыларым ішінде жайылады. Қыста екі техника құлады. Сондықтан тас төсеп жатырмын, – деді жер иесі Қайрат Кәрібаев. 

Фото: Tengrinews.kz 

Байланысты жаналықтар

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

Сатыда зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025
MalimBlocks
АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

Сатыда зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

Алматы облысы Саты ауылында зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды