Алматыда қар жауды

Алматылықтар күннің күрт суып кеткеніне алаңдаулы.

Сабина Асқарқызы

  • 03.09.2024

Алматыда алғашқы қардың видеосы тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оңтүстік астананың тұрғындары қыркүйек басталысымен жауған қарға таңғалды. Ердәулет есімді дәрігер әрі видеограф дронға Алматы тауларындағы қарды түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған.

Қайда барсам да, өзіммен бірге дронымды алып жүремін, күшті дүниелерді түсіріп алуға болатын сәттерді қалт жібергім келмейді. 2 қыркүйек күні қар жауды. Мұндай боранды күні дрон ұшыруға болмайды, себебі ылғал жоғары. Соған қарамастан тәуекелге барып, алматылықтарға қыстың жақындап қалғанын көрсеткім келді, - деді видео авторы.

Видео да әлеуметтік желіде кеңінен таралып, тұрғындар күннің шынымен қатты суып кеткенін жарыса жазған.

«Жұмыста жылытқыш құралдарын қосып отырмыз». «Бұл оқушылардың көз жасы», «Қыркүйек Алматымен дәл бұлай ешқашан әзілдеспейтін», «Шыршаны шығара берейік пе?», «Күз қай кезде де уақытында келеді», - деп жазған көпшілік.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Қазақстанда 43 градус аптап ыстық болады

13.05.2025

Елімізде кімдердің кредиті кешіріледі?

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025
MalimBlocks