АҚШ: Қазақстанда азаматтар діни сенімі үшін қудаланып жатыр

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2023 жылдяң әлемдегі діни сенім бостандығы жайлы баяндама жариялады

Арман Қайыпхан

  • 27.06.2024

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметі бойынша, 2023 жылы діни топтар үкіметтік бақылау туралы есеп беруді жалғастырған, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2023 жылдяң әлемдегі діни сенім бостандығы жайлы баяндама жариялады. Авторлардың айтуынша, Қазақстанда діни нанымдар бойынша қудалау жалғасып жатыр.

Мысал ретінде әртүрлі діни топ өкілдеріне олардың сенімдері негізінде айыппұл салынып, қамауға алынған жағдайлар келтірілген. Сондай-ақ, діни әдебиеттердәң тәркіленгені көрсетілген. Баяндамада былтыр Жамбыл облысында екі азамат балаларға Құран оқытқаны үшін сотталғаны жазылған. Сонымен қатар, авторлар Қазақстанда адам құқықтарын елеулі бұзды деп айыпталған "Талибан" террористер тізімінен шығарылғанын атап өтеді.

Сонымен қатар, авторлар мектептерде орамал тағуға тыйым салынғанын, 2023 жылы Атырау облысындағы мектепке барудан 150-ден астам қыз бала бас тартқанын жазады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ комиссиясы Қазақстандағы діндарлардың құқығы үшін алаңдағаны хабарланған болатын. 

14 наурызда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи дін мәселелері жөніндегі заң жобасының нормалары жайлы пікір білдіріп, күзде қаралатын заң жобасында өз ұсыныстарын енгізетінін хабарлады.

2023 жылдың қазан айында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін туралы жаңа заңда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл бетті жабатын киім туралы болды.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады