Ақын, жазушы Зейнолла Тілеужанұлы дүниеден өтті

Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық алтын медальінің, М.Х.Дулати атындағы сыйлықтың лауреаты Зейнолла Тілеужанұлы 2025 жылы 17 маусымда 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz Қазақстан Жазушылар одағына сілтеме жасап.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан қарымды қаламгер 1942 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Ол "Лебіз", "Толағай тау", "Ой ағысы", "Сарыарқа", "Махамбет дастаны", "Күнге табынғандар", "Аспанға көшкен ауыл", "От адам", және қос томдық "Қаракерей Қабанбай" романын жарыққа шығарып, аударма саласында да өнімді еңбек етті.
Марқұммен қоштасу рәсімі 2025 жылы 19 маусым сағат 10:00-де Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында (Абылай хан даңғылы 105 үй) өтеді.
Фото: Әдебиет порталы

Ең көп оқылған
