Араларында 17 жастағы қыз болған: Талғарда қылмыстық топ ұсталды

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Талғар ауданында қорқытып алумен және тонаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Тергеу барысында қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болған. Ол өз сыбайластарымен бірге құрбандарын әлеуметтік желі арқылы іздеген. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз болған. Ол құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кірген. Алайда бірер уақыттан соң кенеттен өзін "ағаларымыз" деп таныстырған бір топ жас жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастаған.

"Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап еткен. Кей жағдайларда күш қолданудан да тайынбаған. Олар жәбірленушілердің бағалы заттары мен құжаттарын тартып алып, қомақты қаражат аударуға мәжбүрлеген", - деп жазылған хабарламада.

6 ақпанда қылмыстық топтың құрбаны 24 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болған. Оны бопсалаушылар күштеп ұстап, жеке құжаттары мен көлік құжаттарын тартып алған. Сондай-ақ 100 000 теңге аударуды талап еткен. Бұған қоса олар жәбірленушіні қорқытып, тағы 1,4 млн теңге беруге мәжбүрлемек болған.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Олардың үстінен бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы саны жеті адам полицияға жеткізілді, оның төртеуі негізгі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жалғасып, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", – деді облыстық полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың өзге де құрбандары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты зардап шеккендер болса, полицияға хабарласуын сұрайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

12.04.2025

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың соты өтеді

10.04.2025

Құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

30.03.2025

Шерзат Болат ісі: изоляторда туған күн тойлағандарға қатысты шешім қабыланды

16.03.2025

Қылмыстық топқа мүше болған 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылып жатыр

28.02.2025

Тағы да Талғар: Қылмыстық топ жасөспірімді ұрлап кеткен

19.02.2025
MalimBlocks
Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл туралы не дейді?

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың соты өтеді

Ашық сот түскі сағат 12:00 басталады. Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде өтеді

Құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

Павлодар облысында құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

Шерзат Болат ісі: изоляторда туған күн тойлағандарға қатысты шешім қабыланды

Қылмыстық топқа мүше болған 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылып жатыр

Тағы да Талғар: Қылмыстық топ жасөспірімді ұрлап кеткен