Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Арман Қайыпхан

  • 01.04.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана мен Алматы қалалары арасында қатынайтын № 4/3 және № 10/9 «Тальго» пойыздарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың сәуір айынан бастап бұл пойыздар Шу станциясына тоқтамай, тікелей маршрутпен қатынайтын болады.

Шу станциясы – теміржол желісіндегі тораптық маңызы бар нысан болып саналады және мұнда локомотив ауыстыру жұмысы талап етіледі. Аталған өзгеріс логистиканы оңтайландыруға, сондай-ақ, Астана мен Алматы арасындағы жол жүру уақытын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар, Шу станциясында жолаушылар легінің төмендігі де ескерілген.

Шу станциясында отырғысы немесе түскісі келген жолаушылар үшін балама бағыттар қарастырылған. Бұл бағыттарда стандартты вагондардан құралған әлеуметтік маңызы бар пойыздар, сондай-ақ, келесі «Тальго» құрамдары қатынайды:

Астана мен Шу арасындағы пойыздар:

• № 72/71 «Астана – Шымкент»

• № 86/85 «Астана – Шымкент»

Шу мен Алматы арасындағы пойыздар:

• № 1/2 «Ташкент – Алматы»

• № 11/12 «Шымкент – Алматы»

• № 25/26 «Шымкент – Алматы»

• № 27/28 «Орал – Алматы»

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Байланысты жаналықтар

"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

02.04.2025

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталған

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді