Астанада 700-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

Астанадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде көктемгі шақырылыммен келген 700-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жас ұландықтар елдің түкпір-түкпірінен жиналып, жауынгерлік дайындық курсынан өтіп, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге кірісті.
Салтанатты шараға 2000-нан астам адам – ата-аналар, туыстар, ардагерлер қатысып, сарбаздарға қолдау білдірді. Бұл күн – сарбаздар үшін азаматтық жауапкершілікке бастар маңызды қадам болды.
ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жауынгерлерге ізгі тілегін
«Бүгіннен бастап сіздер қоғамдық тәртіптің сенімді қалқаны боласыздар. Елге абыроймен қызмет етіп, нағыз Отан қорғаушысы атануға тілектеспін», – деді ол.
Жас сарбаздардың атынан қатардағы Арслан Мақашев (БҚО) сөз сөйлеп, әскери қызметке зор жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.
Енді жас жауынгерлер елордада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ауқымды іс-шараларға жұмылдырылады.
Фото: polisia.kz


Ең көп оқылған
