Астанада құрбан шалуға болатын орындар бекітілді

Биыл Құрбан айт мерекесінің басталуы 17 маусым, дүйсенбіге келеді.

Malim Админ

  • 07.06.2024

Биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрбан шалу орындары:

 «Шанхай» базары

 «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)

 «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)

 «Шолпан-ата» базары ("Алаш" тас жолы, 27/2)

 Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.

Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады, - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелс Қайнулдаев.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қанша күн демалатынын жазған болатынбыз.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

10.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?