457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырау облысында 800-ге жуық жасөспірім жүкті болып қалған

 

Атырау облысында 2020-2024 жылдар аралығында 794 жасөспірім қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Редакция сауалына берген жауабында Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы соңғы бес жылдағы 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар арасындағы жүктіліктің тіркелген жағдайлары бойынша мәліметтер ұсынды:

  2020 жылы – 193;

  2021 жылы – 194;

  2022 жылы – 170;

  2023 жылы – 110;

  2024 жылы – 127.

«Олардың арасында босанғандар: 2020 жылы – 97, 2021 жылы – 105, 2022 жылы – 84, 2023 жылы – 63, 2024 жылы – 70. Оның ішінде жүктілік тоқтатылды: 2020 жылы – 8, 2021 жылы – 13, 2022 – 11, 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 8», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Яғни, соңғы бес жылда 419 кәмелетке толмаған жасөспірім ана атанса, 45-і осы кезеңде жүктілігін тоқтатқан.

Ведомство ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы жүкті болу фактілері көбінесе Жылыой ауданы мен Атырау қаласында 17 жаста тіркеледі.

Фото: istockphoto.com