Бағдат Мусин АҚШ-қа көшіп кетті ме

Өз жазбасында Мусин бірнеше жоспары барын бөліскен.

Malim Админ

  • 30.05.2024

Цифрлық даму экс-министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-та жүргенін жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұнда келуіме бірнеше себеп бар. Әрине, кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын. Бұл жолы шағын топ боп келдік - сүйіктім Дина, кенже қызым Бірғаным және мен.

Біріншіден, кез келген кәсіби маман ретінде технологиялық дамудың алдыңғы қатарында болу мен үшін де маңызды. Сол себепті осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысамын.

Сондай-ақ біз қызымызға оның жасөспірім өміріндегі қызықты оқиғалардың бірінде қолдау көрсетіп келдік. Кенже қызымыз мектебімен робототехника жарыстарына қатысады. Сәттілік тілеп қояйық.

Дәстүр бойынша Digital Nomads-пен (біздің аймақтың Bay area-да орналасқан IT мамандарымен) кездесіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды талқылаймыз.

Кездесу біз құрған Silkroad инновациялық хабының қабырғасында өтеді.

Еліміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спортымыздан (спорттық бағдарламалау) Әлем чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге барамын. Ол үшін мен ICPC басшысы

Билл Поучермен және оның командасымен кездесемін.

Үлкен қызым Аруға өмірінің жаңа кезеңін бастауға көмектесу үшін бірнеше оқу орындарын аралаймын.

Сондай-ақ басқа елдерде цифрландырудың негізін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін әртүрлі университеттердің профессорларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Өйткені Қазақстанның тәжірибесін одан әрі тарату қажет. АҚШ университеттері бұған қызығушылық танытады деп ойлаймын.

Сондай-ақ түрлі қорлармен, компаниялармен кездесулер өтеді.

Жалпы бұл сапарға жоспар көп. Барлығын орындауға мүмкіндігінше тырысамын, - деп жазды экс-министр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

АҚШ Қазақстан жерін 49 жылға жалға алады

08.05.2025
MalimBlocks
Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

АҚШ Қазақстан жерін 49 жылға жалға алады

Сенат заңды мақұлдады