Бала кезден шаңғы тепкен: Шымбұлақта қаза тапқан әйел туралы тың дерек пайда болды

17 наурызда қар көшкіні салдарынан 35 жастағы шаңғышы қаза тапты

Malim Админ

  • 18.03.2025

Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы туралы тың ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

17 наурызда Алматы тауында қайғылы оқиға болды – қар көшкіні салдарынан 35 жастағы шаңғышы қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаза болған әйел Ресей азаматы болған. 

Orda.kz мәліметінше, Нұрсұлтан шыңының баурайында қар көшкіні астында қалып, қаза тапқан әйел – Олеся Головина. Ол шаңғышы және жаттықтырушы болған.

Әйел кейінгі18 жылын Ресейде өткізіп, сол елдің азаматтығын алған. Алайда Олесяның туған жері – Алматы. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы жазбаларында бөліскен.

Олеся Головина 1990 жылғы ақпанда, Алматыда дүниеге келген.

«Шаңғы тебуге деген махаббатым Алматыда, Қазақстанда басталды. Мен бұл қалада туып-өстім және бұл - мен үшін үлкен бақыт! Алматыны тау қоршап тұр. Үйден шаңғы тебуге 15 минутта жетуге болатын, ал әйгілі «Шымбұлаққа» – небәрі 40 минутта жетесіз. Атам шаңғы тебуді жақсы көретін, ол әкемді шаңғыға тұрғызды, ал әкем маған үйретті», – деп жазған Олеся әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Шымбұлақ тау-шаңғы демалыс орнында қар көшкінінен бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алғаны хабарланған еді. 

Фото: Іnstagram.com/olessia_golovina

Байланысты жаналықтар

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

19.04.2025

Лифтіде пышақпен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

19.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

10.04.2025
MalimBlocks
Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

Қарағандылық "Шахтер" клубының және Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач 39 жасында жол апатынан қаза тапты

Лифтіде пышақпен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Оқиға Алматыда болған

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты