Балабақшада азық-түлікті қымбат бағамен сатып алуды көздеген

Malim Админ

  • 17.02.2025

Павлодар қаладасынғы балабақшалардың азық-түлік өнімдерін тым жоғары бағамен сатып алмақ болғандар анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратура жария етті.

№23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүтті 50 620 500 теңгеге алмақ болған. Яғни сүттің бір литрін 2 812 теңгеден сатып алуды жоспарлаған.

Нарықта мұндай сүттің (майлылығы – 2,5%) орташа бағасы 345 теңгені құрайды.

 №23 бөбекжайдың бір литр сүтті 2812 теңгеден сатып алуы 44 410 500 теңге көлеміндегі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына себеп болады.

№102 бөбекжай жалпы сомасы 19 455 783,6 теңгеге 14 520 кг картоп сатып алмақ болған. Сонда бір келі картоп бағасы 1340 теңге болады.

Ал қала дүкендерінде картоп 120 теңгеден (әлеуметтік баға) және жеке меншік дүкендерде 380 теңгеден сатылады.

Жоғарыда аталған өнімдерді сатып алуға тыйым салынды, азық-түлікті сатып алу бағасы төмендетілді, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Фото: almaty.tv

Байланысты жаналықтар

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Сарқан ауданында білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

27.03.2025

Жүрек ауырады: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы қылқындырған

14.02.2025

Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

14.02.2025

Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі тергеліп жатыр

20.01.2025

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты

16.01.2025
MalimBlocks
11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Сарқан ауданында білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды

Жүрек ауырады: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы қылқындырған

Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалған.

Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

Алматы балабақшаларының бірінде баланы ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі тергеліп жатыр

Оқиға Атыраудағы балабақшалардың бірінде болған

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты

Ғимараттан 82 баланы эвакуациялаған