457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талдықорғандағы жекеменшік балабақшада жәндік қаптап кеткен

Балабақшада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылған

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылған видео жарияланды. 


Желіде тараған видеодан балаларға сапасы өте төмен тағам беріліп жатқаны анық көруге болады.

Видео авторының айтуынша, балабақшада балаларға құрт түскен ас пен күйіп кеткен тоқаш ұсынылған. Лас ыдыстар, ал оның үстінде жәндіктер жүр. Ет орнына  сүйек берілген. 

Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, жарияланған видеоға байланысты Жетісу облысы бойынша Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің департаментінде жоспардан тыс тексеріс тіркелген.

Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, — делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Фото: видеодан скрин 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған