457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде бүлдіршіндерді тәрбиелейтін ұйымдарға кезек азайды

Қазір Қазақстандағы 1 млн астам бала 11.8 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп жатыр.

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, 2023-2027 жылдарға арналған, мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жоспары сатылап жүзеге асырылу үстінде. Бұл жоспар – мемлекет басшысының тапсырмасы болатын.

Биылдың бірінші жарты жылдығы бойынша, Қазақстанда мектепке дейінгі 172 ұйым ашылды. Бұл мектептерде жалпы саны 13.2 мың орын бар. Осылайша, 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 93.1% қамтылып отыр. Мұндай ұйымдардың санын арттыру ісі құрылыс-жабдықтау жұмыстарынан басқа, қаржыландыруды ұйымдастыру жұмыстарында да тиянақтылықты талап етеді. Мысалы, мемлекеттік тапсырысты игеру кезінде ваучерлік қаржыландыру әдісі қолданылып отыр. Мұндай қаржыландыру әдісі Қазақстанның барлығы 28 елді мекенінде жүзеге асты. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 44% қысқарды. Бұл – 300 мыңдай бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды деген сөз.

Жалпы алғанда, елімізде қазір 260 мемлекеттік балабақша жөнделіп жатыр, сонымен бірге материалдық-техникалық жабдықталуы жақсартылуда. Бұған қоса, баласы мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға кеңес беру пункттері көбейтілді: қазір сондай 5.5 мың пункт бар.

 

Фото: 24.kz