Бишімбаев соты қоғамды өзгерте ме?

Malim.kz тілшісі осы сұрақтарды сарапшыларға қойды. 

Олжас Қасым

  • 02.05.2024

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты қоғамдағы өзекті тақырыпқа айналды. Сотты тікелей эфирде жүздеген мың адам көріп жүр. Қылмыс туралы Associated Press, Washington Post, ВВС, The Diplomat сияқты көптеген халықаралық БАҚ та ақпарат таратып жатыр. Ал әлем назар аударған резонансты іс қоғамдық сананы қаншалықты өзгертеді? Бишімбаев кейсі елде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауға әсер ете ме?

Malim.kz тілшісі осы сұрақтарды сарапшыларға қойды. 

Еркектің әйелге қол көтеруі норма ретінде қабылданбайды

Фото: Paperlab.kz  Д.Мазоренко

Серік БЕЙСЕМБАЕВ, әлеуметтанушы:

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға дәл баға беру қиын. Меніңше, осыдан  кейін әлеуметтік нормалар түзеледі. Оның ішінде, отбасындағы, жалпы, өмірдегі ер мен әйелдің қарым-қатынасы да бар. Сондай-ақ, гендер мәселесі, зорлық-зомбылыққа қатысты азаматтардың түсінігі де айтарлықтай өзгереді. Нақтыласақ, еркектің әйел адамға қол көтеруі норма ретінде қабылданбайды деп ойлаймын.

Бишімбаев сотынан соң қоғам тарапынан мемлекеттің ашықтығына қатысты да талап күшеюі мүмкін. «Неліктен басқа процестер де ашық өтпейді? деген сұрақ күн тәртібіне шығады.

Бұған дейін саяси астары бар түрлі сот болды. Мысалы, Марат Жыланбаев, Әйгерім Тілеужанова ісі дегендей. Олардың соттары жабық өтті. Алдағы уақытта осындай даулы істерді жабық өткізетін болса, қоғам тарапынан наразылық күшейе түседі. Бұдан бөлек, аталған соттың ықпалымен үлкен цензураның қақпағы ашылған секілді көрінеді.    Бишімбаев соты – қордаланған түйткілдерді, қоғамның талабын және зорлық-зомбылық проблемасының өзектілігін анықтап берген кейс болды.

Ер адамдар әйеліне сотты көрсетіп, одан сайын қорқытуы мүмкін

Айман ОМАРОВА, заңгер:

Осы сипаттағы қылмыс түрлері бүгінге дейін «жабулы қазан» күйінде тұрған еді. Ал, шын мәнінде, қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық өте жиі кездесетін мәселелердің бірі. Мысалы, күні кеше Қарағандыда әйелін асқан жауыздықпен өлтірген ер адам жазаға тартылса, одан сәл ертерек мұғалімді бұрынғы күйеуі мектеп алдында өртеп жіберген  еді. Сондықтан, бұл – біздің қоғамдағы алғашқы жағдай емес.

Соттан кейін бәрі дұрысталып кетеді деп те айта алмас едім. Әдетте, қоғамдық сананы тұтас өзгерту қиын шаруа. Ол үшін ең алдымен уақыт керек.  

Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, бұл сот та әр адамға әртүрлі әсер етеді. Зорлық-зомбылық жасайтын ер адамдар әйеліне сотты көрсетіп, одан сайын қорқытуы мүмкін. «Мен сотталсам, осылай сотталып-ақ кетемін. Сорлап қалатын тек өзің» деп, әйеліне қысымды үдете түсуі ықтимал.  

Азаматтардың материалдық жағдайын түзеу керек

Анас БАҚҚОЖАЕВ, Мәжіліс депутаты:

Бишімбаев кейсінен кейін әйелдер өз қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін түсінген сияқты. Олардың  көбі әлеуметтік жағдайының нашарлығына байланысты, күйеуіне тәуелді болып, қоқан-лоққысына шыдап жүреді.  Салтанат Нүкенованың әлеуметтік жағдайы нашар болмағанын білеміз. Дегенмен, қай кезде де қауіп төндіретін еркектен алшақ болу керегін әйелдер қауымы терең ұғынды деп ойлаймын. 

Ашық өтіп жатқан сот процесіне тоқталсақ: Қазақстан құқықтық мемлекет. Ата Заңдағы адам құқығы туралы жазылған барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Бишімбаевтың сот алқасын талап етуі, өзін максималды қорғауы, осының бәрі адам құқықтарының назардан тыс қалмайтынының бір көрінісі. Бұл сот процесі кез келген адамның  қандай айып тағылмасын, өзін қорғауына құқы бар дегеннің бір мысалы. Соттың анағұрлым ашық өтуі, судьяның, қорғаушы тараптың да, айыптаушылардың да қаншалықты сапалы жұмыс істеп жатқанын көрсетті. Қоғамдық бақылау бар жерде мемлекеттік құпияға байланысты істер болмаса, басқалары ашық, жариялы түрде өткені абзал.

Көре тұра үндемей отырудың қателік екенін ұғындырды

Үнзила ШАПАҚ, заңгер, Сенат депутаты:

Қуандық Бишімбаевтың соты – еліміздегі қоғамдық санаға үлкен серпіліс жасады. Атап айтқанда, біздің қоғамның дәстүр мен дінге негізделген тұстары бар. Кез-келген саналы азамат аталған сотқа бей-жай қарамағаны анық. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда қызға, әйелге қоятын талаптар жоғары. Осы соттың шеңберінде «оқу оқып, ақ босағадан аттаған соң, дымыңды шығармай, сол отбасының отымен кіріп, күлімен шық, не болса да, көне бер» деп зорлық-зомбылыққа төзімді жандарды қалыптастырып тастағанымыз айқындалған сияқты. Бұл сот зорлық-зомбылыққа мүлде төзбеу керегін насихаттаудың алғышарты болды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауатын қалыптастырған іс деп ойлаймын.

Расында, сот деген атауы болмаса, оның ішкі заңдылықтарын қарапайым халық түсіне қоймайтын. Осы іс құқық жүйесі мен жағдайларын ұғындырып, көпке сот аясындағы базалық білім берді. Көпшілігіміз адвокат, прокурордың немен айналысатынын біліп, сот жайында кеңірек түсіне бастадық.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру). Ал Бақытжан Байжановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 432 ("Жасыру") және 434 («Қылмыс туралы хабарламау») баптары бойынша айып тағылды. Бұл баптарда алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.    

Фото: Интернеттен 

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

16.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

13.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

Бауыржан Азанов: Тікелей эфирде сот процесін өткізуге кім шешім қабылдады? Сол бәріне жауап береді

13.05.2024
MalimBlocks
Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

Ол тұрмыста зорлық-зомбылық құрбаны болған қыздарды қолдау керек дейді.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтты.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

Бауыржан Азанов: Тікелей эфирде сот процесін өткізуге кім шешім қабылдады? Сол бәріне жауап береді

Алқабилер сот шешімінің әділ шығарылуына ықпал ете алып отыр ма?