Бишімбаевтың әкесі университет ашатыны рас па?

Әлеуметтік желіде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпаратқа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді

Сұлу Бөлек

  • 03.04.2025

Әлеуметтік желіде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпаратқа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Білім туралы заңға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензияланады. Бұл құзырет министрлікте.

"Айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік Bishimbayev University атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ, "е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде тиісті өтінім болмағанын хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқаны хабарланды.

Фото: Жоғарғы сот 

Байланысты жаналықтар

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

29.04.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025
MalimBlocks
Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып жатыр

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты