«Бишімбай атаның өзі жақсы адам болған». Назым Қаһарман балаларының тегін ауыстыратынын айтты

Балалары тегін ауыстыруға асығып отырғанын жеткізді.

Сабина Асқарқызы

  • 20.05.2024

Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірді деп сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларына қатысты маңызды сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарман қазір 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. Ол өзінің Instagram парақшасында абьюзерлік қарым-қатынастан шығу жолдарын және бала тәрбиесіне қатысты оқырман сұрағына тұрақты жауап береді. Назымның айтуынша, балалары бұл қиындыққа қарамай, өздерінің жақсы көретін хоббилары мен білім алуға көңіл бөліп жатыр.

Ол балаларының тегін ауыстыруға қатысты көпшіліктің сұрағына жауап берді.

Әрине, балаларым тегін ауыстырғанды қалайды. Тегі танымал болды. Бишімбай атаның өзі жақсы адам болған, бірақ, өкінішке қарай, Қуандық арғы атасының есімі мен естеліктерін масқаралап, қорлады, - деп жазды Назым Қаһарман.

Ол балаларына өзін жақсы көруді үйретіп жүргеніне тоқталды.

Мен өзін-өзі жақсы көруді үйретемін. Әрине, ол мәңгілікке әкелері болып қала береді, оның ең жақсы тұстарын алады, өмірі үшін алғыс айтады да, әкесінің адам өлтіргенін, өзің ғана өмірін құртпай, балаларын да осындай жағдайға түсіргенін қабылдайды. Ашуланады, қайғырады, жылайды және жіберуге тырысады. Әкесінің өз жолы бар, ал балалар әкесі үшін жауап бермейді, олар оны тәрбиелемеді, бұл өмірге әкелген жоқ. Оны қолдауға және сүюге міндетті емес. Бұл біз, ата-аналар, балалар алдында жауаптымыз, - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, Назым Қаһарман сот үкімінен кейін балалары бұл шешімді қалай қабылдағаны жөнінде пікірін айтқан еді.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды