Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Сұлу Бөлек

  • 02.05.2025

Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады? Толығырақ Malim.kz материалында. 

Биыл 217 мыңнан аса түлек мектеп бітіреді.

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.

Былтыр соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.

Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі.

"Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз", - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. 

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

29.04.2025

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

24.04.2025

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында тағы өзгеріс болады

24.04.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025
MalimBlocks
Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында тағы өзгеріс болады

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды