457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-дағы өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға баспана беріледі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 5 баланың өмірін жалмаған қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

4 маусым күні Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған өрт кезінде 5 бала иістен уланып көз жұмған.

Облыс әкімі қаза тапқан балалардың ата-анасына және жақындарына көңіл айтты.

Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Жағдай менің жіті бақылауымда, - деп жазды әкім.

Фото: Бауыржан Ширмединұлы