457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін ел бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Бүгін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Ол 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтіліп отыр.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің ақпараты бойынша, ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

ЦДИАӨМ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – "Бала денсаулығы паспорты" мен "Профилактикалық екпе картасындағы" мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Фото: pixabay.com