Бүгін – елімізде Аналар күні

Биылдан бастап жаңа датамен аталып өтіп жатыр

Malim Админ

  • 12.05.2024

Бүгін, Қазақстанда мамырдың екінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтіп жатыр. Бұл күн былтыр шілдеде бекітілген еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған дейін Аналар мерекесі қыркүйектің үшінші жексенбісінде мерекеленіп келді. Ал биыл мамырдың екінші жексенбісі айдың 12 күніне келіп тұр. 

Аналар күні – әлемнің көптеген елінде мерекеленеді. Құттықтаушылар Анасына деген құрметін, сүйіспеншілігін, қамқорлығын білдіріп жатады.

Жалпы бұл атаулы күн осы күні АҚШ, Канада, Германия, Италия және Бельгия сынды әлемнің 20-дан астам елінде аталып өтеді. Кейбір ел оны басқа күндерге бекіткен.

Айта кетейік, елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында «Аналар кеңесі» жұмыс істейді. Ұйымның облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейлерінде барлығы 1713 бөлімше бар. Олардың құрамына 16 051 әйел кіреді.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

01.05.2025

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17.04.2025

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

15.04.2025

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

13.04.2025
MalimBlocks