«Димаш - Қытайдың жобасы». Белсенді әншіні Қытай пайдаланып жүргенін айтты

Ол әншіні қытай саясатын жүзеге асырып отырған адам ретінде көрсеткен.

Сабина Асқарқызы

  • 31.05.2024

Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың жобасы» деп атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Серікжан Біләш «Atajurt Kazakh Human Rights-USA-АҚШ» атты Youtube арнасында Димаш Құдайбергенге қатысты мәлімдеме жасады. Ол әншінің қытай саясатына қатысы бар деп болжайды.

Біздің Димаш Еуропаға баруы керек еді. Ол шын талант екенін мойындаймыз. Америкаға баруы керек. Англияға бар, Францияға бар, Италияға бар, қай елге барсаң да әлемдік жұлдызға айналасың. Бірақ біздің Димашты Қытай жұлдыз қылып шығарды. Бұл да бір қытай саясатының көрінісі, - дейді Серікжан Біләш.

Сондай-ақ қолында билік болса әншіні елге кіргізбейтінін айтқан.

Мен билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін, Қазақстанға кіргізбеймін, -  деді ол.

Оның Димаш туралы айтқан пікірі әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Желі қолданушылары наразылық танытып жатыр.

«Қазақты бір біріне айдап салу саясаты бұл», «Димашты қаралауды тоқтатыңдар», «Димашты көре алмайтындар көбейіп кетті», - дейді желі қолданушылары.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025
MalimBlocks
Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады