Елдос Сметов: Мақсатым алтын еді, қолымнан келгенін жасадым

Malim Админ

  • 24.07.2021

Дзюдодан 60 келіде Токио олимпиадасында қола медаль алған Елдос Сметов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде жүлдеге қол жеткізгеннен кейінгі қуанышы мен ақтық айқасқа жолдама үшін жапон балуанымен болған күрес туралы ой-пікірімен бөлісті.

"Бірінші олимпиадада (2016 жылы өткен Рио олимпиадасында Елдос Сметов күміс медаль алған - ред.) бұйырмай қалған алтын деп ат қойып едік, сол алтынға еңбек етіп, алтын үшін күрестік. Мақсатымыз алтын болды. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бапкерлермен, командамен алтынға жол салдық. Бірақ бұйырған нәрсе қола медаль болды. Оған да Аллаға шүкір. Қуанышты сезімдемін. Өйткені жүлдесіз қалып қойғаннан гөрі жүлдемен еліміздің абыройын көтерген мен үшін үлкен мәртебе", - деді Елдос Сметов.

Спортшы жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, жапондық балуан Такатодан жеңіліп, финалға шыға алмады. Елдос Сметов онлайн брифингіде бұл белдесуде барын салғанын жеткізді.

"Ақтық айқасқа жолдама үшін күрескен жапон балуанымен баяғыдан бері  кездесіп, күресіп жүрміз. Көптеген жарыста бақ сынастық, екеуміз бір- біріміздің қыр-сырымызды білеміз деп айта аламын. Ол да өзінің жүз пайыз дайындығын көрсетті, мен де жүз пайыз дайындығымды көрсеттім. Бірақ бұйырмады. "Бақ шаба ма, бап шаба ма" деген сөз бар. "Былай күрескенде басқаша болар ма еді", әлде "мына нәрсені істеуім керек еді", бір қателік  жібердім деп ойламаймын. Барымды салдым. Тек бұйрық болмады", - деді Сметов.

Сметов келесі Олимпиада ойындарына қатысу-қатыспау туралы шешімді әзірге қабылдамағанын, оны алдағы уақыт көрсететінін айтты.

 

 

Байланысты жаналықтар

Асқар Жұмаділдаев есептің жауабын тапқан адамға 1900 доллар бермек

16.02.2025

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

16.02.2025

Шерзатты өлтірді деген күдіктілер түрмеде туған күн тойлап жүр

16.02.2025

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

16.02.2025

Атбасар түрмесіндегі азаптау: Прокурорлар сот шешімімен келіспеді

16.02.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

15.02.2025
MalimBlocks
Асқар Жұмаділдаев есептің жауабын тапқан адамға 1900 доллар бермек

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Шерзатты өлтірді деген күдіктілер түрмеде туған күн тойлап жүр

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Атбасар түрмесіндегі азаптау: Прокурорлар сот шешімімен келіспеді

Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды