Елімізде 93 ата-анаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр - бас прокурор

Сабина Асқарқызы

  • 10.02.2025

Бас прокурор Берік Асылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура қабылдап жатқан кешенді шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.  

2023 жылдан бастап Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және уақтылы көмек көрсетуге бағытталған екі жоба – «URPAQ» және «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жүзеге асырылуда.

Белгілі болғандай, «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасына барды.

Жұмыс нәтижелері:

Қамқоршыларға, асырап алушыларға, ата-аналарға және басқа да тұлғаларға қатысты 93 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;

11 мың ата-ана мен заңды өкілдер бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, қолайсыз отбасылардан мемлекет қамқорлығына алынды.

Тексерулердің нәтижесінде:

54 ата-ананың құқықтарын шектеу және 92 ата-ана құқығынан толық айыру туралы талап-арыздар берілді;

2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді (алғашқы көмек заттары, азық-түлік, оқу құралдар, көмір және басқалары);

1 мыңнан астам отбасыға тұрғын үй мәселесі бойынша қолдау көрсетілді;

10 мың отбасыға медициналық және әлеуметтік көмек ұсынылды;

Балаларға 4,5 млрд теңге көлемінде алимент өндіріп алынды.

Ал «URPAQ» жобасы отбасылардағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтауға бағытталған. Ол зардап шеккендерге психологиялық және заңдық қолдау көрсету бойынша кешенді көмекті қамтиды.

Әр бала көмек әрдайым қасында екенін және ол қиындықпен жалғыз қалмайтынын білуі керек, – деді Берік Асылов.

Жедел әрекет ету үшін келесі құралдар енгізілді:

Балалардың құқықтарын бұзу туралы ақпарат жинау үшін Telegram чат-боттары;

Мектептерде, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық орындарда QR-кодтарорнатылып, мәселелерін жедел хабарлауға мүмкіндік берілді.

Жоба нәтижелері:

ШҚО-да екі буллинг фактісі тоқтатылды: 12 жастағы балаға жасалған қорлық және колледж студентіне көрсетілген қысым. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді;

Қорқытып ақша алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мысалы, 16 жастағы студент жасөспірімдерден ақша талап етіп, оларға пышақпен қоқан-лоқы жасаған. Басқа мектепте жоғары сынып оқушылары 7-сынып оқушысынан ақша бопсалаған. Кінәлілер мектепішілік есепке алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бейжай қарауға болмайтын фактілер

Қысқа уақыт ішінде оқушылар мен мұғалімдер тарапынан орын алған бұзақылық пен буллинг туралы 1 809 хабарлама түсті.

Тексеру нәтижелері бойынша:

192 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

1 617 адаммен профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Берік Асылов осы жұмыстың маңыздылығын атап өтіп:

Қазақстандағы әрбір бала өзін қауіпсіз сезінуі керек. Біз олардың құқықтарын қорғау және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз, - деді ол.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

10.04.2025

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025
MalimBlocks
Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді