457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі едәуір қысқарады

Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп мәлімдейді. 

Қазақстанда пациенттерге тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі едәуір қысқарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес тізімнен аурудың

32 түрін емдеуге арналған 38 препарат алынып тасталады. 

"Тегін" тізімінен алынып қалатын дәрі-дәрмек ішінде аурулардың келесі түрлерін емдеуге арналған препараттар бар: 

асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;

ауруханадан тыс пневмония;

гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы;

бас сүйек нервтерінің зақымдануы;

жедел/созылмалы синусит;

жедел/созылмалы кератит;

эритема көп формалы;

сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;

эндометриоз;

несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары;

гастрит және дуоденит;

созылмалы панкреотит;

холецистит;

өт тас ауруы;

мигрень.  

Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп мәлімдейді. 

Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Фото: krs.weacom.ru