Еліміздегі әрбір үшінші пәтер ипотекаға алынған

Қазақстандықтар арасында ипотекаға тұрғын үй сатып алғандар көбейген. Қазіргі таңда үшінші пәтер ипотекаға сатып алынған болып шықты, деп хабарлайды krisha.kz.

Malim Админ

  • 01.04.2024

Ақпанда пәтер сатып алуға қатысты 30500 келісімнің 10400-і ипотекаға рәсімделген. Былтыр әрбір төртінші пәтер немесе үй ғана ипотекаға сатылған болатын.

Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша ақпанда ипотекалық несие саны күрт өскен, өткен аймен салыстырғанда бірден 19 пайызға өскен.  Сарапшыларының пікірінше, өсім тұрғын үй салымдары бойынша мемлекеттік сыйақыны берілуіне байланысты болуы мүмкін.

Отбасы банк өкілдері ақпанда 5700 қарыз берілгенін, бұл қаңтарға қарағанда 21 пайызға артық екенін айтқан.

Салымшылар салым бойынша мемлекеттік сыйақыны күтіп, содан кейін несие рәсімдеуді ұйғарған болуы мүмкін. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап банкте депозиттерге қойылатын талап күшейді. Енді қарыз алу үшін депозиттегі ақша онда кемінде 6 ай сақталуы керек.

Ақпанда 10 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үйді несиеге сатып алған. Кейбір қарыз алушылар ақпанда тұрғын үй бойынша тіпті бірнеше қарыз алған. Ақпандағы жағдай бойынша ипотеканың жалпы сомасы 167,2 миллиард теңгеден асады. Орташа сома - 16 миллион теңге.

Фото: shutterstock.com

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты