457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әскерде жүрген 20 мыңнан астам сарбаз несие төлеуден босатылды

Әскер қатарында жүріп, жақсы нәтиже көрсеткен сарбаздар да назардан тыс қалған жоқ

Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет етіп жүрген 20 мыңнан астам сарбазға жалпы сомасы 8 млрд теңге болатын несие төлеу бойынша «каникул» жарияланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, әскер қатарында жүріп, жақсы нәтиже көрсеткен сарбаздар да назардан тыс қалған жоқ. Биылғы жылы 2183 әскери қызметші мемлекеттік грантқа оқуға түскен.

Фархат Айдарбаевтың айтуынша, бұл шаралар әскердегі жастардың әлеуметтік қолдауын күшейтуге және олардың болашақтағы мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Фото: istockphoto.com