457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Есірткі жеткізетін 99 мыңға жуық арнаның жұмысы тоқтатылды

Биылғы жылдың 6 айын есепке алар болсақ, құқық қорғау және арнайы органдар есірткі мен психотроптық заттарды жеткізудің 111 (өткен жылы - 135) арнасын әшкереледі. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі баяндады.


Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі мен прекурсорларды тасымалдау жолдарын анықтап, оларды жоюға, есірткі зертханаларын жапуға, қылмыстық топтар мен олардың ұйымдастырушыларын әшкерелеуге, есірткі саудасынан түскен кірістер мен мүлікке тыйым салуға, сондай-ақ осы қылмыстарға көмектескен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін анықтауға бағытталған жұмыстарды жалғастырып келеді.

Осы бағытта Маңғыстау, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында арнайы прокурорлар есірткі саудасын ұйымдастырған тұлғаларды анықтап, ауқымды жұмыс жүргізді.

 Прокуратура органдарының үйлестіруімен 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 21 (өткен жылы - 11) синтетикалық есірткі зертханасы және 125 (өткен жылы - 45) есірткі өсімдіктері заңсыз өсірілген факті анықталып, жойылды. Сонымен қатар, 9 (өткен жылы - 19) тонна есірткі, оның ішінде 254 кг синтетикалық есірткі, және 12 тонна (өткен жылы - 105 кг) прекурсорлар айналымнан алынды. Есірткі мен прекурсорлар контрабандасы 182-ден 80-ге дейін қысқарып, 56%-ға төмендеді, - деп түсіндірілген хабарламада.

Жыл басынан бері Бас прокуратура интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендеріне байланысты банктік шоттарды анықтау, бұғаттау және тәркілеу алгоритмін құқық қорғау органдары мен екінші деңгейлі банктердің жұмысына енгізді.

Бүгінгі таңда жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын 98 мыңнан астам есірткіге қатысы бар банктік шот бұғатталды. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және қаржыландыру арналары да назардан тыс қалған жоқ.

Барлық істер бойынша қаржылық тергеулер жүргізіліп, заңсыз табыстың ізін кесу, есірткі саудасының негізгі ұйымдастырушылары мен пайда көрушілерін анықтау, сондай-ақ "дроппер" ретінде пайдаланылған және заңсыз қаржылық операцияларға араласқан тұлғаларды табу тапсырылды.

Сонымен қатар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы интернеттегі есірткі дүкендерін бұғаттау жұмысын жүргізуде. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Есірткімен күрес ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бағыты болып қала береді.

Фото: freepik