«Фридом Финанс» қызметкерлері алаяқтыққа қатысты шағым бойынша тексеріліп жатыр

Арман Қайыпхан

  • 26.03.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «Фридом Финанс» компаниясына қатысты топ-менеджердің алаяқтық әрекеттері туралы шағымдарға байланысты тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттікке төрт жеке тұлғадан олардың құқықтарының бұзылғаны туралы шағымдар түскен.

Тексеріс Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» заңына сәйкес жүргізілуде.

Егер заңбұзушылықтар анықталса, агенттік тиісті шаралар қабылдайды.

2024 жылдың тамызында «Фридом Финанс» компаниясында ішкі қызметтік тексеру жүргізілген.

Анықталған деректер бойынша, атқарушы директор В.В. Световой клиенттердің сенімін пайдаланып, ақшаларын компания шотына емес, өзіне аударуды сұраған.

Бұл қаражат инвестицияға жұмсалмай, жеке қажеттіліктері мен қарыздарын өтеуге пайдаланылған.

Световойдың бұл әрекеттері компания басшылығының келісімінсіз жасалған.

2024 жылдың тамызында ол жұмыстан босатылған, ал тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

Ал КазТАГ агенттігінің ақпаратынша, 17 наурызда «Фридом Финанс» компаниясынан түсініктеме сұрағанымен, әлі жауап алынбады.

Айта кетейік, «Фридом Финанс» Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Бұл холдингтің негізгі акционері – ресейлік тегі бар кәсіпкер Тимур Турлов.

Фото: bankffin.kz

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

29.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

10.04.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

Тергеу аяқталды

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

Оның үстінен елуден астам адам шағым түсірген.