457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Кілем үстінде шығарып салу»: Сәкен Майғазиевтің келіні желіде сынға ұшырады

TikTok-та кең тараған ерекше ұзату рәсімі желі қолданушылары арасында қызу пікірге себеп болды. Видеода әнші Сәкен Майғазиевтің келіні ақ кілемге отырғызылып, ұзатылып жатқан сәті бейнеленген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірі бұл қадамды салт-дәстүрге жаңаша серпін беру деп бағаласа, енді бірі оны оғаш және орынсыз деп тапты.

Кей қолданушылар рәсімді әйгілі Алладин ертегісіндегі кілеммен байланыстырса, енді бірі: «Мағынасы бұзылмаса, жаңартуға болады» деген пікірде.

Тағы бірі бұл рәсімді батыс өңірлердің дәстүрімен байланыстырды.

Кейбір қолданушылар «Салтты заманауи форматта әсем көрсетуге болады. Бірақ тірі адамды кілемге отырғызып ұзату — шамадан тыс әрлеу секілді» деп жазған.

Фото: видеодан скрин