"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

Желіде Өскемендегі әскери бөлімде орнатылған Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Мерей Қайнарұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Өскемендегі 27943 әскери бөлімде (Жаңа Ахмерде) Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды", – деп жазды ол Facebook-те.
Бұл жазбаның астында көпшілік ескерткіштің сәтсіз шыққанын жазып жатыр.
"Расында сәтсіз шығыпты. Авторы кім екен?" "Ұқсамайды", "Сәтсіз шыққан мүсін", "Ұқсамайды екен өзіне, мен Қасым атаны көргенде түрі ондай емес еді…" "Ким Чен Ынға көбірек ұқсап кеткен сияқты ма, қалай?" - деп жазған олар.
Редакция бұл ескерткіш жайлы Қорғаныс министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен пікір білдіруін сұрады.
Фото: Әлеуметтік желі