“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Ақмола облысында алаяқ көз тиюдің бетін қайтарамын деп дүкеннен азық-түлік ұрлап кеткен. Жалған емшінің құрбаны Атбасар өңірінің 30 жастағы сатушысы болып шықты. Көз тигеннен құтылу үшін қыз алаяққа ақша мен дүкеннен азық-түлік берген, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.
Дүкенге белгісіз біреу кіріп, дүкендегі қызға көз тигенін айтқан. Суды пайдаланып "тазарту" ырымы шамамен 50 мың теңге тұрады деген. Сатушы мұндай ақшсыа болмағандықтан, оның бір бөлігін қолма-қол ақшамен, қалғанын дүкеннен азық-түлікпен берді. Ол кеткеннен кейін қыз алаяқ құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, ол гипнозға ұқсас күйде болған.
“Полиция бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді .Ақмола облысы ІІД ЖПҚ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.
Фото: видео кадры