Майқайыңдағы алтын кенішінен бір адамның мәйіті табылды

Нақтысы арнайы сараптамадан соң белгілі болады

Malim Админ

  • 19.07.2024

Майқайыңдағы опырылып түскен кеніш түбінен  екі құтқарушының бірінің мәйіті табылды. Оның денесі шахта тереңдігінде алты жарым ай бойы жатқан. Туыстары оның Айдос Шаймерденнің мүрдесі екенін нақтылады.

Айта кетейік, А.Шаймерден – ойық астында жатқан екі азаматтың бірі болған еді. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі взвод командирінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Бұл ақпаратты Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев растады.

«Жаңа ғана Майқайың кентіндегі шахта басында болдық. Кеніштегі автобус опырылып түсіп кеткен жерді қазып жатқан «Майқайыңалтын» АҚ қызметкерлері екі құтқарушының бірінің мүрдесін топырақ арасынан алып шықты. Ол жерде аталған кәсіпорынның өкілдерінен бөлек, полицейлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері де жүр. Алдын ала болжам бойынша, табылған мүрде Айдос Шаймардендікі. Нақтысы арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Жағдайдың, қазу жұмыстарының әрі қарайғы реті қалай болатынын айта алмаймын. Оны алтын кенішінің басшылығы шешеді», - деді Ардақ Кісентаев.

Ал марқұм Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу Шаймерден табылған мәйіттің өзінің жолдасының денесі екенін растайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Павлодар облысындағы майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус биылғы 4 қаңтар күні жер астына түсіп кетті.

Кейін оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Құтқарушылар топырақтың жиі қозғалуына байланысты жер қазу жұмыстарын тоқтатқан болатын.

Ал мамыр айында Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданған болатын.

Марқұм Айдостың жары Нұрсұлу Шаймерден бұған дейін күйеуінің тірі екеніне ешқандай үміті жоқ екенін, құтқарушылар мүрдесін қазып берсе, арулап жер қойнына тапсыру соңғы тілегі екенін айтқан еді.

«Біздің отбасымыз бұл күнді ұзақ уақыттан бері тағатсыздана күткен едік. Құтқарушылар жақын адамдарымызды тауып алатынына сенімдіміз. Кәсіпорын басшылығы айтқандай, ең әуелі ойық маңында кен жыныстарын қазу жұмыстары жүргізіледі. Содан соң кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының құтқарушылары іске кіріседі. Қазіргі уақытта жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бас директор Қайролла Жүрсінбаев жер астында жатқан қос азаматты тауып алған соң ғана шахта іске қосылатынын жеткізді», - деген еді бұған дейін Нұрсұлу Шаймерден Kazinform агенттінінің тілшісіне берген сұхбатында.

Ал екінші құтқарушы – жедел автокөлік жүргізушісі Айып Тілеубергеновті іздеу жұмыстары алдағы уақытта жалғасады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан ер адамды тапты

25.08.2024

Селфи жасаймын деп суға батып кеткен

31.07.2024

Майқайыңдағы апат: Соңғы құтқарушының денесі табылды

25.07.2024

Алматыда қоқыс пакетінен баланың мәйіті табылды

15.07.2024

Президент тасқынмен күреске үлес қосқан азаматтарды марапаттады

19.06.2024

Су тасқыны: Құлсарыда 23 жастағы құтқарушы көз жұмды

30.05.2024
MalimBlocks
Алматыда құтқарушылар тауда адасқан ер адамды тапты

Ол өзен жағалап тау асып кеткен

Селфи жасаймын деп суға батып кеткен

Оқиға 28 шілдеде болған

Майқайыңдағы апат: Соңғы құтқарушының денесі табылды

Оның денесі 75 метр тереңдіктен көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді

Алматыда қоқыс пакетінен баланың мәйіті табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Президент тасқынмен күреске үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді

Су тасқыны: Құлсарыда 23 жастағы құтқарушы көз жұмды

Оның артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.