Мәмидің күйеу баласы елші болды
Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерландтағы елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды деп хабарлады Ақорда.
"Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды;
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Асқар Жұмағалиев осыған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған. Осы министрліктің бір вице-министрі жемқорлықпен ұсталғанын Алик Шпекбаев айтқан болатын. Бірақ оның кім екенін хабарламаған.
Асқар Жұмағалиев Конституциялық кеңестің төрағасы боп отырған Қайрат МӘМИДІҢ күйеу баласы ретінде де жақсы таныс.