Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады

Сабина Асқарқызы

  • 16.04.2025

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Маңғыстау облысының Ақжігіт ауылында 17 жастағы жасөспірімнің жұмбақ жағдайда қаза табуына байланысты мектеп оқушылары арасындағы бопсалау мен қорқыту деректері тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Марқұм Сағындық Құрманияздың туыстары баланың өліміне ауылдағы жастар тобының қатысы бар екеніне сенімді екенін айтады. Олар қылмыстық істің баптарын қайта қарауды талап етті. Қайғылы жағдай 8 сәуір күні Ақжігіт ауылында болған.

Достарының айтуынша, серуендеп жүрген кезде Сағындықты өзінен үлкен бір жігіт кеудесіне ұрған, сол соққының салдарынан соңы өліммен аяқталған. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, бір күдіктіні ұстаған.

Сағат 10:30-да ұлыма қоңырау шалып, “Қайдасың, балам?” деп сұрадым. Ол “Үйдің қасындамын, бәрі жақсы” деді. Кейін уайымдап, бір нәрсе болатынын сезгендей болдым. Біраз уақыттан соң баламды жедел жәрдеммен ес-түссіз күйде алып келді. “Жүрегі тоқтап қалды” деді. Сау бала еді, биыл тіпті тұмаумен де ауырған жоқ. Жүрегі жайдан-жай қалай тоқтап қалуы мүмкін?", – деді марқұмның анасы Айтбике Дербесова.

Сағындықтың достары ата-анасына ауылда "старшактар" деп аталатын топ бар екенін айтыпты. Олар өздерінен кіші оқушыларды қорқытып-үркітіп, тәртіп орнатпақ болады екен. Сол 8 сәуір күні кешке олар барлық оқушыны қатарға тұрғызып, бір-бірлеп ұра бастаған.

Ересек жігіттер өзін бұл ауылдың қожайыны санайды. Бәрімізге үстемдігін көрсеткісі келеді, қысым жасайды. Бірде мені де кеудеме екі рет ұрған. Біріншісінде боқтап, екіншісінде ұрып жіберді. Тепе-теңдігімді жоғалтып, отырып қалдым. Сол кезде Сағындықты ұрып жатқанын көрдім. Дәл жүрек тұсына ұрды. Ұрған сәтте Сағындықтың қарылдар шыға бастады, – деп еске алады досы.

Ауыл тұрғындарының кейбірі ұйымдасқан топтың бар екенін растап отыр. Тұрғындардың айтуынша, 20-21 жастағы жігіттер ақша бопсалап, кішкентайларды қорқытып-үркітумен айналысады. Бірнеше отбасы полицияға шағым түсіріп, бопсалау деректерін тексеруді сұраған.

Мен, ата-ана ретінде, баламның қорлық көріп жүргенінен, соққы алып, қорқынышта өмір сүріп, біреулердің аулаларын, кәріздерін тазалап жүргенінен бейхабар болдым. Тек әлгі баланың өлімінен кейін ғана, әкесі екеуміз ұлымыздан шындықты біліп алдық. Сөйтсек, 8-сыныптан бастап бұл жүйе, бұл “ұйым” бар екен, оған баламыз да тартылыпты. Барлық ата-ананың атынан балаларымыздың қауіпсіз әрі қорқынышсыз өсуі үшін осы жүйені түбегейлі жоюды және әділдікті талап етеміз, – деді ауыл тұрғыны Ирис Әбілқасова.

Полиция бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігіне сәйкес "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша іс қозғады. Департамент тергеу жүріп жатқанын, ал негізгі күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Алайда аудандық прокуратура ауылда ұйымдасқан топтың бар екенін жоққа шығарып отыр.

Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес (Ұстап алу негіздері) ұсталды. Тергеу органдары сот-медициналық сараптама тағайындады. Істің тергелуі облыс прокурорының бақылауында, – деді Бейнеу ауданының прокуроры Смағұл Хасниязов.

Марқұм Сағындық Құрманияздың туыстары істің топтық қылмыс ретінде қайта саралануын және күдіктілердің тергеу аяқталғанша қамауға алынуын талап етеді. Себебі ата-ана еркін жүрген жағдайда күдіктілер өзара сөз байласуы мүмкін екенін алға тартады. Сонымен қатар прокуратура бұл оқиғаға байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

18.04.2025

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

18.04.2025
MalimBlocks
Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған