Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуімен қалай ажырасқанын айтты

Әншінің айтуынша, бастапқыда оны өзінің әкесі де үйіне кіргізбей қойған.

Сабина Асқарқызы

  • 12.11.2024

Танымал отандық әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуімен сөзге келіп қалып, үйіне кетіп қалғанда әкесі кіргізбей қойғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Дина Төлепбергенге берген сұхбатында басынан өткерген қиындықтары туралы сөз қозғады. 

Бірінші некемде түсініспеушіліктер болды. Бірде Алматыға жұмыс сапармен келдім. Ата-анам Алматыда, біз Астанада тұратын кез. Сол аралықта баламның әкесімен арадағы жанжал үдеп кетті. Үйдегілерге «Мен күйеуімнен кетемін, осы жерде қаламын» дедім. Әкем рұқсат бермеді. «Бұл жерде қала алмайсың» деп үйге кіргізбей қойды. Алайда отбасыма қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті, - деді әнші. 

Ал күйеуінің үйіне барғанда, туыстары жылы қабылдаудың орнына Мөлдірдің өзін сынаған.

Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінбеді. «Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман» деп мені кінәлады. Соңында бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң, әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады, - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Фото: instagram/moldir.auyelbekova

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген