457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Найзағай, тұман мен жел: синоптиктер қолайсыз ауа райы туралы ескертті

"Қазгидромет" синоптиктері 7 сәуірде еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті

"Қазгидромет" синоптиктері 7 сәуірде еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті, - деп хабарлайды Malim.kz.

Абай облысы — түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысы — күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы — түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысы — таулы аймақтарда найзағай, екпінді жел күтіледі (23-28 м/с дейін).

Жамбыл облысы — таулы аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және екпіні 28 м/с жететін жел болады.

Жетісу облысы — түнде тұман, Алакөл маңында жел 25 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысы — найзағай мен бұршақ күтіледі, кей жерлерде жаңбыр.

Қарағанды облысы — орталық пен батыста қатты жаңбыр, найзағай. Түнде – тұман.

Костанай облысы — күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман.

Қызылорда облысы — түнде нөсер жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, екпінді жел күтіледі.

Маңғыстау облысы — түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысы — түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы — тұман, күндіз жел 20 м/с дейін.

Түркістан облысы — таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай, бұршақ, жел екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ұлытау облысы — күндіз қатты жаңбыр, найзағай, тұман және 20 м/с жел.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. 

Фото: Pixabay.com