Офицерлер Қазақстанда қазақша оқытуды сұрады

Бұл туралы malim.kz тілшісі haqqin.az ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Асқар Мустабековтың айтуынша, өз елінде – түрік, ағылшын және ана тілінде оқитын әзербайжандық әскерилер Қазақстанда қазақша оқығысы келетінін мәлімдеген. Енді, олар 1 қыркүйектен бастап 9 ай қазақ тілі курсынан өтеді дейді университет бастығы. Қазақ тіліндегі оқыту бағдарламасы орыс тіліндегі бағдарламаның ізімен жасалмақ. Асқар Мустабековтың мәліметінше, қазір оқып жатқан Қытай, Үндістан, Франция офицерлері болса – орыс тілін үйреніп жүр, кейін оқуды да сол тілде жалғастыратын болады.
Фото: nuo.edu.kz

Самое читаемое
