457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

БҚО-да жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алып отырған Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған.

Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражат берген.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бопсалау фактісі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz