Өрт қауіпсіздігі. Техникалық жабдықтау жүйесі қалай жүргізіліп жатыр?

Malim Админ

  • 27.09.2024

Өрт сөндіру техникасын қайта жабдықтау мәселелері Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР ТЖ Министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңімен, жүйелі негізде атқарылуда.

Мәселен, 2021 жылы Бостандық ауданының Нұр-Алатауы ш/а өрт сөндіру депосының құрылысы басталып, 2023 жылғы қыркүйек айында аяқталды. Оның алдында яғни 2020 жылдары Наурызбай және Алатау ауданында екі өрт сөндіру деполарысалынды. Бұдан басқа, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында ағымдағы жылы Түрксіб ауданында(Шығыс қақпасы ш/а), Наурызбай ауданына (Шұғыла және Қарағайлы ш/а) тағы 3 өрт сөндіру депосын салынуы көзделіп отыр.

ТЖД мамандары  халықаралық тәжірибені зерделеп және осы саладағы заманауи жетістіктерді ескере отырып, әкімдікке және ТЖМ-ге арнайы техниканы қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

«Сонымен қатар, Департамент базасында бірқатар Инновациялық жобалар жүзеге асырылуда, олардың тізімінде – 1100-ден астам камера арқылы халықтың жаппай жиналатын орындарды, сондай- ақ өрттерді анықтайтын  бейнемониторингі бар. Онлайн бақылау кезінде  жедел кезекшілерге төтенше жағдайды жою уақытын қысқартатын және материалдық шығынын барынша азайтатын шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді департамерттегілер.

 "101" күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының кезекшінің автоматтандырылған жұмыс орнының қабілеттілігі (АРМ диспетчера), бұл жүйе өрт сөндіру бөлімшелерін жедел шақыртуларға жіберу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді екен.

  Сонымен қатар, Алматының тауларында  өртке қарсы ережелерді бұзған адамдарды дрон арқылы анықтайтын құрылғылар іске қосылған. Аталған замануи құрылғысы прожектор ретінде пайдалануға және жолы салынбаған жерлерде қолдануға болады, іздеу-құтқару жұмыстары кезінде  3,5 килограмға дейін, ұшу қашықтығы 8 км-ге дейін жүкті жеткізу (дәрі қобдишасы, азық-түлік) мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, дрон арқылы өрт қаупі және шомылу маусымы кезінде Алматы халқын сақтық шаралары туралы хабардар ету жүргізіледі.

Бұдан басқа, онлайн режимде сел қауіптілігінің автоматтандырылған мониторингі инновациялық жобалары іске асырылуда, қар көшкіні қауіптілігі мониторингінің автоматтандырылған жүйесі іске асырылуда, осы жүйені енгізу әрбір көшкін қаупі бар учаскеге нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге және тауларда қауіпсіздік шараларын барынша дәл және тиімді қабылдауға мүмкіндік береді.

Фото: Алматы қаласы ТЖД

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі