Павлодарда жетім баланы тұрғын үй кезегінен алып тастаған

Қалалық тұрғын үй комиссиясы талап қоюшыны басқа елді мекенге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кезектен шығару туралы шешім қабылдады

Арман Қайыпхан

  • 07.06.2024

Жауапты органдар мұны азаматтың басқа елді мекенге көшуімен түсіндірмекші болды, деп хабарлайды Malim.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот баспасөз қызметінің мәліметінше, талап қоюшы 2009-2016 жылдар аралығында жетім балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленіп, тұрған.

Сол кезеңде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қойылды. Кәмелетке толған соң Павлодар қаласында жалдамалы баспанада тұра бастады. Жұмысқа тұру үшін Екібастұз қаласында уақытша тіркелген, бірақ та тұрақты тұрғылықты жері болған жоқ", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қалалық тұрғын үй комиссиясы талап қоюшыны басқа елді мекенге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кезектен шығару туралы шешім қабылдады. 

Сот шешімімен талапкердің тұрғын үйге құқығы қалпына келтірілді, өйткені жұмыс орны бойынша уақытша тіркеу азаматтың тұрақты тұрғылықты жері болып табылмайды.

Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және есепте тұрған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығаруға жатпайтындықтан, сот "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 73-бабы 1-тармағының нормаларын қолдануды орынды және әділ деп санады, - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Фото: freepik

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

07.04.2025

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

25.03.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті