Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны қаупі сейілмей тұр

Қызылжар ауданының елді мекендері және облыс орталығының Подгора, Кожевенный, Заречный, Косогор шағын аудандары су астында қалды.

Malim Админ

  • 18.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында су деңгейі қайта көтеріле бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Kazinform.kz агенттігінің жазуынша, облыс бойынша 14 388 адам эвакуацияланған.

Облыстағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Сергеев су қоймасында су тасқынының алғашқы толқыны жүріп өткеннен кейін судың ернеуден асып төгілуі 257 см-ге дейін төмендеді. Қазіргі уақытта екінші су толқынының келуіне байланысты судың қайтадан көтерілуі және сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ернеуден асып төгілуі - 265 см. Су деңгейінің көтерілуі — 21 см. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендері және облыс орталығының Подгора, Кожевенный, Заречный, Косогор шағын аудандары су астында қалды. Су тасқыны басталғаннан бері облыста 2 886 үйді су басқан болатын. 2 639 үй әлі су астында қалып отыр, - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, облыс бойынша 14 388 адам эвакуацияланды. Эвакуация пунктеріне 1 073 адам орналастырылды.

Олар үш мезгіл ыстық тамақпен, қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Бүгінде 149 отбасына бірреттік әлеуметтік көмек төленді. Солтүстік Қазақстан облысына Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарынан, сонымен қатар Омбы қаласындағы қазақ диаспорасынан 470 тонна гуманитарлық жүк келіп жетті. Ол көмек әзірленген кестеге сай бөлініп жатыр. Қабылдау пунктері мен гуманитарлық көмекті беру арасындағы жұмыс жолға қойылған, - деді Қанат Дүзелбаев.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр