Қандастар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасы белгіленді

Биыл солтүстік пен шығысқа 9 653 адам қоныстанбақ

Мәди Саматұлы

  • 08.01.2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұйрықтың мақсаты Үкімет айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша былай бөлінді:

- қандастар үшін: Павлодар облысы – 1 056 адам, Ақмола облысы – 285 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам, Абай облысы – 244 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам, Қостанай облысы – 150 адам,  Атырау облысы – 100 адам, Батыс Қазақстан облысы – 30 адам;

- қоныс аударушылар үшін: Павлодар облысы – 3 050 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 2 969 адам, Қостанай облысы – 535 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам, Абай облысы – 255 адам, Ұлытау облысы – 125 адам, Қарағанды облысы – 38 адам.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:

- көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;

- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;

- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;

- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Былтыр азаматтық алғандар саны рекордтық көрсеткішке төмендеген

16.01.2025

Соңғы 30 жылда Қытайдан 160 мыңнан астам қандас келген

14.01.2025

Биыл елімізде 15 мыңдай шетелдік жұмыс істей алады

08.01.2025

Солтүстікке қоныс аударушылар үшін 7 мың квота бөлінді

31.10.2024

Бүгінге дейін 57 этникалық қазақ Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін алған

22.09.2024

Ұлттық ұлан офицерлері Өскеменде жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр

05.09.2024
MalimBlocks
Былтыр азаматтық алғандар саны рекордтық көрсеткішке төмендеген

Азаматтық алғандардың басым бөлігі – қандастар

Соңғы 30 жылда Қытайдан 160 мыңнан астам қандас келген

Биыл елімізде 15 мыңдай шетелдік жұмыс істей алады

Шетелдік жұмыс күшінің квотасы белгіленді

Солтүстікке қоныс аударушылар үшін 7 мың квота бөлінді

Бүгінге дейін 57 этникалық қазақ Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін алған

Олар «Ата жолы» бағдарламасына қатысып жатыр

Ұлттық ұлан офицерлері Өскеменде жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр

Жиында теориялық сабақтар практикалық жатығулармен бірге өткізілді