Соңғы 30 жылда Қытайдан 160 мыңнан астам қандас келген

Мәди Саматұлы

  • 14.01.2025

Соңғы 30 жылда Қытайда тұрып жатқан 160 мыңнан астам қазақ тарихи отанына оралған. Бұл туралы HALYQSTAN телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

NetEase мәліметтері бойынша, Қытайдағы қазақтардың саны 1,5 миллионнан асады. Олардың Қазақстанға көшуіне себеп болған басты факторлар – Қазақстан ұсынған преференциялар болып отыр. Оған мынадай басымдықтар кіреді. Біріншіден, кез келген уақытта елге кіріп-шығу еркіндігі, біржолғы ақшалай субсидиялар, ұзақмерзімді субсидиялар (тұрғын үй салу, білім алу және медициналық қызмет көрсету бойынша) және басқа жеңілдіктер. Бұл мүмкіндіктер Қытайдағы кедейшілікте өмір сүрген қазақтар үшін өте тартымды болды.

Екінші себеп – ұлттық сана-сезім мен ата-баба мекенінде өмір сүруге деген ұмтылыс.

Үшінші себеп – Қытайдағы көптеген қазақтардың жақында, яғни ұжымдастыру жылдарында, Кеңес өкіметінің қудалауынан құтылу үшін Қытайға көшкендігі. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін олар дереу тарихи отанына қайтып оралды.

NetEase авторының айтуынша, төртінші себеп – Шыңжаң мен Цинхайда тұратын қазақтардың көпшілігі әлі күнге дейін дәстүрлі мал шаруашылығына негізделген өмір салтын ұстанатындығы.

Фото: 163.com

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

10.04.2025

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

09.04.2025

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

09.04.2025
MalimBlocks
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

Қытай ғалымдарының жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамы таралған еді. Осы ретте сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бізде де болуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді