457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

4,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден оралған қандастардың 45,8 пайызы – Қытайдан, 40,9 пайызы – Өзбекстаннан келген. Қалған азаматтар Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және басқа да елдерден оралды.

Оралғандардың 59,7 пайызы – еңбекке қабілетті жаста. Сонымен қатар, олардың 17,4 пайызының жоғары білімі бар.

Еңбек күші тапшы өңірлерге – атап айтқанда, Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және басқа облыстарға – 765 қандас қоныстанды.

Мемлекет тарапынан қандастарға көшуге – 275 мың теңге көлемінде, ал баспана мен коммуналдық қызметтерге 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға 4,56 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз сертификат беріледі.

Фото: Gov.kz