Қазақстан британдық Wanderlust журналының «жасыл» туризм бағыттарының тізіміне кірді

Бұл жобалар аймақтағы тұрақты туризм қауымдасытғын құрып, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал еткені де айтылған.

Malim Админ

  • 06.06.2024

Қазақ туризмнің ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ауданы британдық Wanderlust журналының Travel Green List атты «жасыл» туризм бағыттарының тізіміне кірді, деп хабарлайды Malim.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Азия аумағында аталған тізімге Қазақстандағы ауыл туризмінің дамытуымен қатар, Жапониядағы мәдени ағарту орталықтар және Сингапурдағы табиғи қорыққа айналған теміржол сияқты жобалар кірген.

Бес жыл бұрын Шығыс Қазақстанның дархан даласы, таулары мен ормандары кең таралған Катон-Қарағай ауданының тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Бұл жер құстардың 275-ке жуық түрі паналайтын елдегі ең үлкен ұлттық саябақ болғанына қарамастан, оның 48 ауылды мекені туристерді аз тартуына байланысты жұмыс орны көп болмады. Нәтижесінде, ғасыр басынан бері оның халқы екі есе қысқарды.Себебі көптеген тұрғын жұмыс іздеп қалаларға көшті, – деп жазған журнал редакциясы.

Бұнымен қоса, британдық редакция 2019 жылы Қатон-Қарағайды қоса алғанда, шалғайдағы үш ауданның өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ашылған «Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорына», оның қызметіне, атап айтқанда, қонақ үй иелерін оқыту және қонақжайлылық мектебін ашу, соқпақтарды күтіп ұстау, жол нұсқаулар мен туристік ақпарат орталықты қаржыландыру сияқты бастамаларға жоғарғы баға берген.

Бұл жобалар аймақтағы тұрақты туризм қауымдасытғын құрып, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал еткені де айтылған.

Еске сала кетейік, халықаралық ITB Berlin 2024 туристік көрмесі аясында Шығыс Қазақстан облысының «Катон-Қарағай аймағын тұрақты дамыту» қоғамдық қоры «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» тізіміне кіріп, «Өркендеуші қоғамдастықтар» категориясында жеңіске жеткен болатын.

Фото: ulovist.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

14.10.2024

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті 

14.10.2024

«Тарихымыз бен мәдениетімізді паш ететін мүмкіндік». ШҚО-да құсбегілер фестивалі аяқталды

12.10.2024

«Шығыс салбурыны – 2024»: ең жас қатысушы 5 жаста (фоторепортаж)

12.10.2024

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Фототұзаққа үш барыс қатар ілікті

10.10.2024
MalimBlocks
Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті 

«Тарихымыз бен мәдениетімізді паш ететін мүмкіндік». ШҚО-да құсбегілер фестивалі аяқталды

Фестивальде Жетісудан келген бүркіт ешкімге дес бермеді

«Шығыс салбурыны – 2024»: ең жас қатысушы 5 жаста (фоторепортаж)

Халықаралық фестивальге бірнеше ел өкілі келген

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Фототұзаққа үш барыс қатар ілікті

Мамандардың айтуынша, бұл барыстардың осы жерде тұрақты мекендейтінін дәлелдейді