457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан туризмді дамыту үшін 1 трлн теңгеге жуық ақша бөлген

2024 жылы Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм министрлігінің мәліметінше, саладағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.

Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:

Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);

Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);

Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);

Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);

Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).

«Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді», - делінген Туризм министрлігі таратқан хабарламада.
Фото: istockphoto.com