Қазақстанда биыл қанша оқушы мектеп бітіреді

24 мамырда республиканың барлық мектебінде 1-10 сыныптар оқушыларына "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты болады. 

Malim Админ

  • 16.05.2024

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz

22 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам бала білім мен тәрбие алды. Осы жылы 341 мыңнан астам түлек 9-сыныпты аяқтайды, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіреді. ҚР Оқу-ағарту Министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2024 жылдың 25 мамырында аяқталады, - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оқи отырыңыз: 25 мамырда «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді: Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

Оның айтуынша, 24 мамырда республиканың барлық мектептерінде 1-10 сыныптар оқушыларына "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты болады. 

25 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізіледі. 

Ал бастауыш сынып оқушылары мамыр айының соңғы күндерінен дәстүрлі түрде жазғы демалысқа шығады. 

Ал 5-11 сынып оқушыларына 27 мамырдан бастап емтихандар өткізілетін болады. Емтихандар аяқталған соң олар да жазғы демалысқа шығады. Биыл алғашқы рет білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында 5-8, 10 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен аралық емтихандар өткізіледі, - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, биыл педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелеріне өзгеріс енгізілетінін жазған болатынбыз.

Фото: uralskweek.kz

Байланысты жаналықтар

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025
MalimBlocks
Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр