25 мамырда «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді: Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

Мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған.

Malim Админ

  • 30.04.2024

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министр биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын ескертті.

Осыған орай, оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам еліміздің оқушысы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр - жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында - «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және т.б. шаралар қарастырылған, - дейді министр. 

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

Биылғы түлектер аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз.

Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқарамаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін, - дейді министр. 

Еске салсақ, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі су тасқынының болуы және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылатынын, «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өткізілмейтінін мәлімдеген болатын.

Фото: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарға ескерту жасады

20.05.2024

Қазақстанда биыл қанша оқушы мектеп бітіреді

16.05.2024

Ақтөбеде мектеп бухгалтерлері 22 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

15.05.2024

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

14.05.2024

Демалыс күндері ауа температурасы +32 градус ыстық болады

10.05.2024

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

02.05.2024
MalimBlocks
ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарға ескерту жасады

25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты өтеді.

Қазақстанда биыл қанша оқушы мектеп бітіреді

24 мамырда республиканың барлық мектебінде 1-10 сыныптар оқушыларына "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты болады. 

Ақтөбеде мектеп бухгалтерлері 22 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сонымен қатар тиісті орган жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректерін де анықтады.

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.

Демалыс күндері ауа температурасы +32 градус ыстық болады

Сондай-ақ оңтүстік және шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы болжануда.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астанада 3 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, қар жаууы мүмкін.